Қайыршыларға айыппұл салынды
23 қараша күні полиция қызметкерлері қайыршылықпен айналысатын азаматтарды анықтау мақсатында облыс орталығының барлық ірі сауда нүктелеріне рейд жүргізді.
Рейд барысында төрт адам анықталып, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, осы баппен 7 жеке такси жүргізушісіне де хаттама толтырылып, барлық құқықбұзушыларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
Жыл басынан бері Атырау қаласында ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша 800-ге жуық адамға хаттама рәсімделсе, олардың 100-і – адам тасымалдаумен айналысатын жеке такси жүргізушілері.
Анықталғандардың арасында 80-ге жуығы осы бұзушылықты қайталап жасаған. Құқық бұзушылықты қайталап жасаған он адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, 70 адам бес тәулікке дейін қамауға алынды.
Бұдан басқа, белгілі бір тұрақты мекенжайы жоқ 28 азамат бейімдеу орталығына, ал жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 93 адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды.