Бір аптада 325 құқықбұзушылық анықталды
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, олардың 40-қа жуығы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар.
Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін өткізу заңнамасының талаптарын бұзушылықтың – екі, белгіленбеген орындарда сауда жасаудың – алты, үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзудың – 7 дерегі бар.
Көшеде темекі тұқылдарын тастай салу ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Әкімшілік кодекстің осы бабы бойынша апта ішінде қалада 81 құқықбұзушылық тіркелген.
Алкогольдік ішімдіктер ішкен, қоғамдық орындарда масаң күйде жүргендерге 65 хаттама толтырылса, түнгі тыныштықты бұзған – 53, абаттандыру ережелерін бұзған – 26, қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу бойынша – 39 әрекеттер анықталды.