Атырау балықтарының 81 пайызы шетелге экспортталады
Облыс басшысы Махамбет Досмұхамедовтың мәліметінше, бүгінде балық шаруашылығы саласына үлкен қолдау көрсетілуде. Қазір облыста 18 өндірістік кәсіпорын балық аулаумен және оны өңдеумен айналысады. 10 айда 7 300 тонна балық ауланып, өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға өсім көрсеткен.
Ауланған балықтың 81 пайызы өңделіп, шетелдерге экспортталады. Және ол жақтарда таныла бастаған.
Бекіре балықтарының өсімін қамтамассыз ету барысында Атырау қаласындағы 2 бекіре зауыты жылына теңізге 7,5 млн. шабақ жіберіп отыр.