Өңірге әлі 185 медқызметкер жетіспейді
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, қазіргі таңда облыста 8 889 медициналық қызметкер бар. Оның 7 985-і – мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері. Оның ішінде дәрігерлер саны – 1 496, орта медициналық және басқа қызметкерлер саны – 5 379. Жеке меншік клиникалардағы қызметкерлер саны – 904.
– Жыл басында өңірге 278 маман жетіспеген еді. Кейін аймаққа 93 жас маман келіп, жетіспеушілік 185 маманға дейін төмендеді. Бүгінгі күні облысқа анестезиолог-реаниматолог, жалпы парктикалық дәрігерлер, акушер-гинекологтар, пульмонолог, инфекционист және эпидемиолог дәрігерлер аса қажет, – деді Асхан Байдуәлиев.