АМӨЗ-ден ақау шықты
Атырау мұнай өңдеу зауытының биологиялық тазарту құрылғысынан ақау шықты.
Зауыттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қарашада биологиялық тазарту құрылғысының жұмыс режимінде ақау орын алған. Бұл биологиялық шламның нормативтік тазартылған ағындар арнасына аз уақытқа өтіп кетуіне себеп болды. Қазіргі уақытта технологиялық режимді қалыпқа келтіру жүргізілуде. Осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
Атырау мұнай өңдеу зауыты 2019 жылы сарқынды суларды тазарту сапасын жақсарту мақсатында тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жобалау жұмыстарын бастады. Қазір алаңдарды дайындау және жабдықтар сатып алу жүргізілуде. Жобаны 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр.