100 бозбала Отан алдындағы міндетін өтеуге аттанды
Атыраудан 100 жас оңтүстік өңірдегі Гвардейск елдімекеніндегі әскери бөлімде қызмет етуге аттанды.
Күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне жас арбаздардың алғашқы легін аттандыру Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жанындағы жинақтау пунктінде өтті. Медициналық комиссиядан өтіп, әскери киімдерін қолға ұстаған 100 болашақ сарбаздың жартысы әскери бөлімге жіберілді. Бастапқы уақытта шақырылатын жастардың негізгі бөлігі Отар гарнизонында қызмет етеді.
Биыл облыстық медициналық комиссиялардың құрамына инфекционист дәрігерлер енгізілген. Әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту алдында міндетті түрде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Сонымен қатар, оларға әскери бөлімге барар жолда бактерияға қарсы заласыздандыру қол гельдері, медициналық қолғаптар мен маскалар берілген.
– Біздің облыста әскерге шақыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерін жасақтау жоспары толықтай орындалды. Ендігі кезекте Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін жасақтауды бастадық, бүгінгі күні 50 адам әскери бөлімге жіберіліп, тағы да 50 азамат аттанғалы жатыр. Біздің облыстан ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерін жасақтау жоспары толықтай орындалды, – деді Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатбалдиев.
Қазақстанда күзгі шақыру 1 қыркүйекте басталды. Әскерге шақыру науқаны желтоқсанның соңында, әскерге шақырылушылардың соңғы легі әскери бөлімге аттанған кезде аяқталады. Биылғы жылы Атыраудан әскери қызметке 700-ге жуық азаматты жіберу жоспарланған.