Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылық жасалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде полиция қызметкерлерін жан-жақты әлеуметтік қолдау мәселесін көтерді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Алқа мәжілісінде Президент Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.