Мұнай бағасы құлдырауда
Вrent мұнайының бағасы едәуір төмендеді.
РИА Новостидің хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 қазаннан бері алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен түсті.
28 қазан Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:38-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 3,92 пайызға – барреліне 39,97 долларға дейін, WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 4,83 пайызға, барреліне 37,66 долларға дейін төмендеді.
Еске сала кетейік, мұнай бағасының арзандауына байланысты, сәрсенбіде Қазақстанның ұлттық валютасы долларға шаққанда 430,51 теңгеге дейін әлсіреді.