Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
17 тамыздан бастап Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарып келген Асхан Байдуәлиев Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Асхан Байдуәлиев – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты.
С. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетін аяқтаған Асхан Байдуәлиев еңбек жолын аталған университетте урология және жедел нефрология кафедрасында ассистент болып бастаған. Әр кезеңде Алматы облысындағы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы, С. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің қосымша кәсіби білім орталығы басшысы қызметтерін атқарды.