Жылыой ауданындағы сыбайлас жемқорлық – жіті бақылауда
Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Жиынға комиссия мүшелері, дербес бөлім, мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу бағытында атқарылған шаралар мәселесі қаралды. Кейін сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау шеңберінде Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының 2022 жылы және 2023 жылдың өткен мерзімінде атқарылған жұмысы туралы ауыл әкімі баяндады. Сондай-ақ Жылыой ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Жылыой ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен Әдеп кодексі талаптарының сақталу деңгейі туралы баяндама жасады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау шеңберінде Құлсары қаласы әкімі аппаратының 2022 жылы және 2023 жылдың өткен мерзімінде атқарылған жұмысы туралы айтылды.
Жиын соңында аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.