Биыл балаларға арналған 150 нысан салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 2027 жылға дейін 50 балаларды сауықтыру орталығы мен 100 жаңа ірі нысан салынады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 3 миллионнан астам бала қосымша біліммен қамтылған. Осы мақсатта 2 мыңға жуық мектептен тыс ұйым мен 380 үйірме жұмыс істеуде. Елімізде барлығы 218-ден астам балаларды сауықтыру орталықтары жұмыс істеп тұр.
Жеке инвестицияның арқасында биыл Астанада жаңа Оқушылар сарайы ашылды. Мұндай заманауи орталықтар Алматы мен Шымкент қалаларында, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында пайдалануға берілді.
Бұл бағыттағы жұмыс ерекше қажеттілігі бар және аз қамтылған отбасы балаларының әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне әрі тұлғалық дамуына мүмкіндік береді.