Махамбет ауданы медицина саласына көңіл бөлді
Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев ауданға қарасты елдімекендерге су жаңа 5 жедел жәрдем көлігінің кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Облыс әкімдігінің қолдауымен алынған жаңа жедел жәрдем көліктері ауданға қарасты Ортақшыл, Алға, Бейбарыс, Сарайшық, Сарытоғай елді мекендеріне пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, ауданға жаңадан келіп, халыққа қызмет етіп жатқан лор, хирург, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге 3 жаңа үйдің кілті табысталды.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген Қайрат Есқабылұлы аудан халқын жағымды жаңалықтармен құттықтап, Махамбет ауданында медицина саласының ілгері дамуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.