Атыраулық таеквондошылар Азия ашық біріншілігінде топ жарды
Атыраулық таеквондошылар Пәкістан, Исламабад қаласында 1–5 қараша күндері өткен «Таеквондодан ашық Азия чемпионаты G-2» рейтингтік халықаралық турнирінде топ жарды. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.
Халықаралық турнир қорытындысы бойынша әйелдер арасында командалық есепте спортшыларымыз 1 орынды жеңіп алса жекелей көрсеткіште Севостьянова Мария 57 келіде 1 орын, Хусайнова Нұрай 67 келіде 1 орын және “Үздік спортшы” атанды. Сондай-ақ, Еділбаева Айдана 46 келіде 2 орын, Асқарова Арайлым 57 келіде 2 орын, Хайруллина Жадыра 67 келіде 3 орын, Абсенова Диана 73 келіде 3 орын, Ерсайынов Нұрбол 87 келіде 3 орынға қол жеткізді.
Айта кетейік, G-2 дәрежесіндегі сайысқа 21 елден 350 спортшы қатысты.