Аймақ - 14.10.2022

ТАПСЫРЫС БЕРУШІГЕ ЖЕТПЕГЕН СӘЛЕМДЕМЕ

BatysInfo, 14 қазан — Түрмеде жазасын өтеп жатқандарға келген сәлемдеме иесіне жеткен жоқ. Оған себеп, сәлемдеме ішінен есірткелік қоспаға ұқсас заттың табылуы, — деп хабарлайды Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекеме мамандары. 

14 қазан күні №15 мекемеде жазасын өтеп жатқандарға келген сәлемдемелерді тексеру барысында тіс пастасының ішінен жасыл түсті белгісіз зат табылған. Сәлемдемені жеткізуші азаматтың айтуынша, пакетті Маңғыстау облысынан келген поездан күтіп алып, жаза өтеушілепдің өтініші бойынша мекемеге жеткізген. Жеткізушіге қатысты ақпаратты тексеру барысында оның бұрын аталған мекемеде жазасын өтеп шыққандығы белгілі болды.

Аталған жағдай бойынша Атырау қалалық ІІБ жедел тергеу тобы шақыртылып жағдайды анықтау мақсатында тәркіленген зат пен оны жеткізген азамат тергеу тобына тапсырылған.