Атырау: 75 адамнан коронавирус анықталды
502 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 51 жағдайы расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 6 науқастан анықталды. Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 10 адам анықталса, Индер ауданында 1, Исатай ауданынан 3, Құрманғазы ауданында 4 науқас тіркеліп отыр. Коронавирустық инфекциясы бар 40 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Ал өткен тәулікте облыста коронавирустан 59 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта үй жағдайында 535 адам, модульдік ауруханада 153, екінші облыстық ауруханада 128, фтизиопульмонология орталықта 44, аудандық инфекциялық стационарларда 127 адам ем алуда. Сондай-ақ, Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында 58 науқас ем қабылдауда.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта қалып отыр.