Терроризмге жол жоқ
ҚР Терроризмге қарсы Орталығының бастамасымен Атырау қаласында 2021 жылдың 21 мамырда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Атырау облыстық жедел штабы хабарлады.
Хабарламада «Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру» делінген.
Көрсетілген уақыт кезеңінде Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізіледі. Осыған байланысты жедел штаб қала тұрғындары мен қонақтарын өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауға шақырады.
⠀