COVID-19: Атырау облысында 140 адам инфекция жұқтырды
Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күннен-күнге өсуде. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, соңғы тәулікте Атырау қаласында 101 адам, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 12 науқастың Covid-19 инфекциясын жұқтырғаны расталған.
Кеше Жылыой ауданының 8, Қызылқоға ауданының 2, Индер ауданының 8, Құрманғазы ауданының 3, Махамбет ауданының 1, Исатай ауданының 2 және Мақат ауданының 5 адамнан қауіпті індет анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 83 науқаста аурудың анық белгілері байқалады.
Қазіргі уақытта 1 149 адам үй жағдайында, 168 адам модульдік ауруханада ем алуда. Сондай-ақ, 95 науқас облыстық аурухананың инфекциялық стационарында, 59 адам фтизиопульмалогиялық орталықта жатса, 141 жан аудандық инфекциялық стационарларда дертінен айығу жолында. Ал Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 160 адам емделуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 97 адам емделіп шықты. Соған қарамастан, Атырау облысы – коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта.