Қазақстанда машина жасау өндірісі 121,2%-ға артты
2021 жылдың ақпан айында Қазақстанда машина жасау өндірісінің өсімі 121,2%-ды көрсетті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
2021 жылдың қаңтар–ақпан айларында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі артқан. Атап айтқанда:
— автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелердің нақты көлем индексі (НКИ) – 119,6%;
— электр жабдықтарының НКИ – 107,4%;
— басқа да көлік құралдарының НКИ – 138,5%;
— басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар НКИ – 154,6%;
— компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер НКИ – 138,5%;
— машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату НКИ – 104,9%.