Анықтамасы жоқ 277 шетелдікке облыс аумағына кіруге шектеу қойылды
Карантин шектеулері енгізілген сәттен бастап Атырау облысына 25 759 адам кірді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында хабарланды.
ПТР анықтамасы жоқ 277 шетелдікке облыс аумағына кіруге шектеу қойылды.
Атырау облысының Атырау – Астрахан РФ мемлекеттік шекарасында «Құрманғазы» өткізу бекеті арқылы келген адамдарға күнделікті мониторинг жүргізіледі.
4 наурыз күні «Құрманғазы» өткізу бекеті арқылы шекарадан 143 адам өтті. Олардың қатарында 14 жолаушы мен 129 халықаралық тасымалдаушы жүргізушілер бар.
Шектеулер енгізілген сәттен бастап Атырау облысына 25 759 адам келген. Олардың қатарында 3 707 жаяу жүргінші және 22 052 жүргізуші бар. ПТР анықтамасы жоқ 277 шетелдікке облыс аумағына кіруге тыйым салынған. ПТР-сараптамасы арқылы 2 741 Қазақстан азаматы COVID-19-ға тексерістен өтті және олардың тоғызында тест оң нәтиже көрсеткен. Олар 6 жүргізуші, 3 жолаушы.