«Нарын» күміс жүлдеге ие болды
Атыраулық Арман Қошқаровтың «Нарын» атты бүркіті Қазақстан біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында саятшылықтан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының XV чемпионаты тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бүркітшілер сайысына еліміздің барлық аймағынан спортшылар қатысты.
Ата-бабамыздан мирас болып қалған құсбегілікті жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында қолға алынған жарыста маңғыстаулықтар алтыннан алқа таққанын айта кеткен жөн.