Өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам құтқарылды
Атырау қаласы ПБ жедел басқару орталығының 102 пультіне сағат 23:00-шамасында Нұрсая ықшамауданының тұрғыны хабарласып, өзінің азаматтық некедегі күйеуі 33 жастағы ер адамның үйінде өз-өзіне қол жұмсамақшы болып жатқандығы жөнінде хабарлама берген.
– Хабарламаға сол аумаққа бекітілген учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері барған кезде ер азамат әйеліне ренжіп, ішімдік ішкен күйінде өз-өзіне қол жұмсамақшы болып жатқан жерінен құтқарылды. Тұрғынмен профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізілді, – делінгін облыстық ПД-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.