«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, облыс аумағындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты анықтау мақсатында 2021 жылғы ақпанның 26-сы мен 1 наурыз аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген.
Шара барысында ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған 1 162 мекенжай тексерілді. Атап айтқанда, қорғау нұсқамасы шығарылған – 221, ерекше талаптар орнатылған – 146, маскүнем – 547, сондай-ақ, 103 қолайсыз отбасы және 145 нашақор есебінде тұрған тұлға тексерілді.
Жанұясында жанжал орын алғандығы туралы 102 операторына 53 арыз келіп түсіп, тексерілді.
Сонымен қатар, 94 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы, 7 тұлғаға ерекше талаптар белгіленді. 192 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.