Есірткі сатқан азамат ұсталды
Жылыой ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі сату фактісін анықтады. Бұл туралы Атырау облыстық ПД хабарлайды.
Жылыой аудандық полицейлеріне белгісіз ер азаматтың есірткіні пайдаланумен және таратумен айналысады деген жедел ақпарат келіп түскен. Аудандық тәртіп сақшылары облыс көлеміндегі «Дәрмек» жедел іс-шараларын жүргізу барысында 1977 жылы туған ер азаматты өзінің үйінде ұстады.
Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» сотқа дейінгі тергеу басталып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.