Кеше өңірде 39 адамнан Covid-19 анықталды
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін, оныншы күн – Атырау облысы «жасыл аймақта».
Атырау облысында өткен тәулікте 39 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 15-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 24 жұмысшы тіркелген. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 15 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 141 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 76, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 19, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 218 адам оқшауланып ем қабылдауда.