Тәулігіне 7 000-ға дейін ПТР-тест жүргізілуде
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстар есебін беру кезінде айтқан.
– Пандемия басталған алғашқы кезеңде өңірде тәуліктік қуаттылығы 350 зерттеу жүргізетін 2 ПТР зертхана болды. Қазір олардың саны 11-ге жетіп, қуаттылығы тәулігіне 7 мың зерттеуге дейін ұлғайды. Бүгінде дәрілік заттардың тұрақты қорын және дәріханалар желісінде олардың төмендемейтін қорын қалыптастырдық. Осы мақсатта «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы «Іңкәр» ЖШС-не 500 млн. теңге бөлініп, негізгі дәрілік заттардың 42 атауы сатып алынды. Қазір облыстың дәріханалар жүйесінде қажетті дәрі-дәрмектердің барлығы бар, – деп атап өтті облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.