Облысты газ және сумен қамту қарқынды жүруде
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты.
– Биыл «Атырау-1», «Орбита», «Бірлік» газ тарату стансаларының арасындағы жоғары қысымды газ құбырларының қуаттылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі, – деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.
Атап өтерлігі, Атырау облысы табиғи газбен қамту бойынша республикада алдыңғы қатарда келеді.
Сондай-ақ, Атырауда елдімекендердің 80,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.
– Биыл аяқталатын жұмыстардың нәтижесінде 4 елдімекендегі 1 500 адам таза ауыз сумен қамтылады. 7 елдімекенде ауыз су тапшылығы жойылып, 12 мың адам үздіксіз сумен қамтамасыз етіледі. Осылайша, ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98,9 пайызға жеткізіледі, – деді облыс әкімі.