Есірткіні насихаттағандар анықталды
Соңғы уақытта Атырауда көше бойлары мен тұрғын үй қабырғаларына есірткі сайттарын жарнамалайтын жазулар көптеп пайда болған.
Бұл істің ақ-қарасын анықтауды сұрап әлеуметтік желіде жазбалар да тараған еді.
Облыстық ПД қызметкерлері Есірткі іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлерімен бірлесіп Атырау қаласының тұрғындары 1988 жылғы әйел мен 1993 жылғы ер адамға қатысты жедел ақпарат алған.
Яғни осы екі тұлғаға қатысты қаладағы қоғамдық орындарда есірткі, оның ішінде синтетикалық заттарды насихаттап, жарнамалап жүргендігі жөнінде тексеру расталды.
Аталған азаматтардың үстінен ҚР ҚК-нің 299-бабы 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Полиция қызметкерлері мен еріктілер 3 000-ға жуық есірткі жарнамалайтын жазуды жойды.