Өткен тәулікте өңірде 94 адамнан коронавирус анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 94 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 24-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 60 жұмысшы, Жылыой – 3, Махамбет – 1, Мақат – 2, Құрманғазы ауданыннан 4 адам тіркелді.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 15 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясынан 60 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 420 адам үй жағдайында емделуюіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 81 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 28 адам емделуде.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші бойынша Атырау облысы әлі де «қызыл аймақта».