Атырауда тағы 90 адамнан КВИ анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 69 жұмысшы, Жылыой – 1, Қызылқоға – 1, Қүрманғазы – 3, Исатай мен Мақат ауданынан 2 адамнан тіркелді.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 18 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясынан 82 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 403 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 80
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 30 адам емделуде.
Атырау облысы әлі де «қызыл аймақта» қалып отыр