Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт жарияланды
«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың атын жария етті.
– Сайттың атын алғаш рет жария етейін. Ол – enpf-otbasy.kz. Бұл – БЖЗҚ-мен біздің бірлесе атқарған аса ауқымды жұмысымыз. 2020 жылдан бері осы ауқымды жұмысты бірлесе атқарып келеміз. Сол себепті сайттың атауында екі органның да атын енгізуді жөн деп шештік. Қазір оған кірсеңіз, сервистің 23 қаңтардан сағат 09.00-де жұмысты бастайтыны жазылып тұр. Сервис толығымен дайын. Кеше редакциялық өзгерісті енгіздік, – деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.