Кеше өңірде 111 адамнан Covid-19 анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 111 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 29-ы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 71 жұмысшы, Қызылқоға-2, Жылыой – 2, Құрманғазы – 4, Индер, Исатай, Мақат ауданынан 1 адамнан тіркелді.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 26 науқаста ауру симптомды өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 63 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 166 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 103
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 41, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 848 адам оқшауланған.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл аймақта».