Шенеуніктер 245 сыйлықты мемлекетке тапсырған
Өткен жылы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттеріне 245 сыйлық тапсырылды. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады.
Оның 18-і 159 937 теңгеге сатылған.
2020 жылы тіркелген ең қымбат сыйлық – Iphone 12 Pro ұялы телефоны Ол 617 991 теңгеге бағаланды.
Ең төменгі бағалау құны – 800 теңге – ақ түсті пластикалық гүлдер және «Dream» маркалы шоколад.
Сыйлықтарды сату кезінде: «Tom Ford» Lost cherry EAU Parfum иіс суы аукцион арқылы 59 467 теңгеге (бағалау құны 118 934 теңге), яғни ең жоғары сомаға сатылды, ең кішісі – ақ гүлдер мен шоколад үшін 205 теңге (бағалау құны 800 теңге).
Еске сала кетсек, жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар өзінің қызметтік жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ресми іс-шара барысында берілген сыйлықтарды алған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде тапсыруға міндетті.
Оны ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырады.