Айыппұл төлемей жүрген 17 шетелдік көлік жүргізушілері анықталды
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қаңтар айының 17–19 жұлдызы аралығында қала аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, төленбеген айыппұлдары бар 17 автокөлік анықталып, арнаулы тұраққа қойылды.
Олардың 16-сы Ресей елінен әкелінген болса, 1 көлік Армения елінен әкелінген.
19 қаңтар күні сағат 02:00 шамасында Абай көшесінде 1992 жылғы азаматтың басқаруындағы Ресейлік «Тoyota Camry» маркалы автокөлігі тоқтатылған. Тексеру кезінде автокөліктің 272 мың теңге төленбеген 17 айыппұлы бар екендігі анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес көлік арнаулы тұраққа қойылды.