Құжаттарды қоқысқа тастаған адам анықталды
Атырауда мемекеттік мекемеге тиесілі құжаттарды қоқысқа тастаған көліктің иесі анықталды. Аstana.tv-дің мәліметінше, 28 жастағы жергілікті тұрғын, құрылыс компаниясында көлік жүргізеді. Ол құжаттарды құрылыс қалдықтарымен бірге Әділет департаментінің қоқыс жәшігінен алғанын айтқан. Енді ол қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бабы бойынша, айыппұл төлеуге міндеттелді.
Атырау облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ақдәулеттің айтуынша, аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бірінші бөлігіне байланысты хаттама толтырылған.
Естеріңізге салсақ, қала маңындағы аумаққа төгілген қоқыс қалдықтары арасынан төлқұжаттар мен бірнеше маңызды қағаздар табылған. Ішінен тіпті 2028 жылға дейін жарамды жеке куәлік, халыққа қызмет көрсету орталығының жеке мөрі мен жұмыс жоспары да жүр. Алайда бір ғимаратта орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы да, әділет департаменті басшылары да бұл істен бастарын ала қашқан еді.