Өзбекстаннан көшкендердің көбі Қазақстанға келуде
2020 жылдың қорытынды көрсеткіштеріне сүйенсек, Өзбекстаннан көшіп кеткендердің саны көшіп келгендерге қарағанда 12,5 мыңға көбейген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Мемлекеттік статистика комитетінің Өзбекстандағы көші-қон жағдайы туралы ақпаратында, 2020 жылы Өзбекстаннан 203,7 мың адам көшіп кеткен. Сонымен қатар 191,2 мың адам елге қоныс аударған. Пандемия жағдайында шекаралар ұзақ уақыт жабық болғанына қарамастан, көші-қон көрсеткіштері 2019 жылмен салыстырғанда біршама көп.
Өзбекстанға қоныс аударушылардың басым бөлігі Қазақстан (жалпы мигранттардың 37% -ы), Ресей (22,3%) және Тәжікстан (20%) елдерінен келгендер болса, шетелге кеткен азаматардың дені Қазақстанға (64,3%) және Ресейге (29,3%) көшкен.