Олжас Сүлейменов коронавирус жұқтырды
Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов жұбайымен бірге коронавирустан емделіп жатыр.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, Олжас Сүлейменов пен жары Маргарита Владимировна 5 қаңтардан бастап Алматы қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада емделіп жатыр. Оларға жеңіл дәрежедегі коронавирус диагнозы қойылған.
– Науқастар жағдайының жақсаруына байланысты 15 қаңтарда үйде емделуге шығару жоспарланған, – деді басқарманың баспасөз қызметі.