Атырауда аралас жекпе-жектен MFC лигасы құрылмақ
Бүгін «Атырау-Ақпарат» баспасөз клубында Атырау облысы ММА федерациясының президенті тағайындалды. Жаңа басшыны Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ибрагимов Ринат Хисаұлы таныстырып, сәттілік тіледі.
Қожахметов Медет Мұсаұлы спорт мамандары арасында беделді, спортқа жанашыр азаматтардың бірі. 2018 жылы «Мерген» спорт клубының негізін қалап, қазіргі таңда еліміз бойынша алдыңғы қатарлы спорт клубтарының қатарына кіреді.
– Атырау облысында ММА спорты ең бір сұранысқа ие және нәтижеге толы спорт түрі болып табылады. Спортшыларымыз түрлі жарыстарда жеңіске жетіп, жоғары орындардан көрініп жүр. Біздің мақсат – жергілікті спортшыларды қолдау, оларды әлемдік деңгейге шығару, – дейді Медет Мұсаұлы.
Айта кету керек, Атырауда кәсіпқой жекпе-жек кештерін өткізетін «Mergen Fighting Championship» атты лига жұмысын бастамақшы. Жиын барысында лиганың белдігі таныстырылып, алдағы жоспарлар айтылды.