Пәтер алуға көмектесемін деп ақша жымқырған алаяқ ұсталды
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 22 желтоқсанда Атырау қаласы Нұрсая ықшамауданының 29 жастағы тұрғыны өзінің алаяққа алданғаны туралы арыз түсірген.
Ол 3 бөлмелі пәтер алып беремін деген 38 жастағы әйелдің сөзіне сеніп, 2 млн. теңге ақша берген.
Нәтижесінде, пәтер түгілі берген ақшасын да қайтара алмаған жәбірленуші алаяқтың торына түскенін аңғарады.
Аталған дерек бойынша Атырау қалалық ПБ ҚР ҚК-тің 190-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Іс бойынша жүргізілген жедел-тергеу амалдарының нәтижесінде осы қылмысты жасады деген күдікпен 1982 жылғы әйел анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.