Махамбетте 2000-нан аса адам жұмыспен қамтылды

Махамбет ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2 213 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.

– Олардың 1 090-ы тұрақты жұмысқа орналасса, ал 38 адам әлеуметтік жұмысқа, 70 жас жастар практикасына, 720 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, 96 адам тегін қысқа мерзімді оқуға, отыз жас кәсіптік білім алуға жолданды, – деді аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов брифингте..

Бұдан бөлек, ол жыл басынан бері 122 отбасының 719 адамына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленгенін айтты.