Кеше өңірде 133 адамнан КВИ анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 133 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бүл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Дертке шалдыққан науқастардың 38-і Атырау қаласынан тіркелсе,Теңіз кенішінен скринингтік тексеріс кезінде 71 жұмысшы, Жылыой – 5, Қызылқоға – 2, Индер – 6, Мақат – 3, Құрманғазы ауданынан 8 адам тіркелген.
Олардың 36-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясынан 25 адам емделіп шыққан.
Айта кетсек, қазіргі уақытта 330 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 119 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 22, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 516 адам ем қабылдауда.
Қазіргі уақытта облыс бойынша жасақталған 1 225 орындық инфекциялық стационардың 53,6 пайызында науқастар ем алуда.