Әлем - 25.12.2020

Түркияда Абай саябағы ашылды

Түркияның Чорум қаласында Абай саябағы ашылды. Жақсы хабарды бүгін Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Facebook парақшасына жариялады.
– Қазақтың Ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлы бабамыздың 175 жылдық мерейтойына орай Чорум қаласында Искилип ғалымдар мұражайында «Абай арнайы бөлмесі» және Искилип ауданында «Абай саябағы» салтанатты түрде ашылды. Құтты болсын!, – делінген хабарламада.