Жүргізушісіз басқарылатын пойыз жүре бастады
Бейсенбі күні Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралының Фукуока қаласында жүргізушісіз басқарылатын электр пойызы алғаш рет тұрақты рейстерін бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ол кәдімгі күре жолмен жүріп, өткелдерде бағдаршамға тоқтайды.
Бастапқы кезеңде электр пойызында машинист болады. Содан кейін оны біртіндеп толық автоматтық режимге ауыстыру көзделген. Электр пойызының ұзақтығы шамамен 13 шақырым, күніне 12 рейс жасайды. Кyodo агенттігінің атап өтуінше, жүргізушісіз басқарылатын электр пойыздарын енгізу біріншіден машинисттердің жетіспеушілігіне байланысты болып отыр. Уақыт өте келе осындай электр пойыздарын бүкіл Жапонияда пайдалану көзделген.