Муай-тайдан Атырауда – 14 жүлде
Муай-тай шеберлері ел чемпионатынан 14 медаль еншіледі. Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
24–30 қараша күндері Шымкент қаласында Муай-Тайдан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республиксының чемпионаты өтті. 300-ге жуық жас қатысушылар арасынан атыраулық спортшылар 4 алтын, 2 күміс және 8 қола медаль еншіледі.
Бисенбев Арсен, Маратұлы Арсен, Аманатай Алихан және Мақсат Жандос ел чемпионатында жеңіске жетсе, Түгелбай Ерназар мен Маратов Рамиль ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Құбайдоллла Әділет, Қайратұлы Рамазан, Рысқали Нұрасыл, Кисоллин Дархан, Аманжолов Қайратбек, Цой Яна, Бекбау Алуа және Бекболат Аяулым қола жүлдегер атанды.