Полицейлер көмегі
Атырау қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті.
Ювеналды полиция бөлімінің бастығы капитан Азамат Қарамұратовтың айтуынша, ол отбасының жағдайы өте қиын. Жалғызбасты әйел төрт баласын өзі тәрбиелеуде. Балалардың үлкені 12 жаста, ал кенжесі – егіздер екі жаста.
Инспекторлар азық-түлік, балаларға жылы киімдер,төсек орындар, көрпелер және үйге қажетті басқа да заттарды сатып алып көпбалалы отбасыға табыстады.