Жәрмеңкеде 168 тонна өнім сатылды
13 қараша күні «Сарайшық» базарының алдында жергілікті өнім өндірушілер және шаруа қожалықтарының қатысуымен дәстүрлі жәрмеңке өтті. Мерекелік жәрмеңкеге облыстың барлық ауданынан 62 кәсіпкер келді.
Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Дәулетовтың айтуынша, кезекті жәрмеңке ауылшаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен. Сондай-ақ, шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысты.
Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі шалғай ауылдардан келген малшылар төрт түлікті де қолжетімді бағада ұсына алды.
Барлығы 168 тонна азық-түлікпен қатар, 50 қой мен 2 ірі-қара да тиімді бағаға сатылды.