Өңірде 21 461 адам жұмыспен қамтылды
Атырау облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 461 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
– Тұрғындарды жұмыспен қамту – біздің басты мақсатымыз. Жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 461 адам жұмыспен қамтылды. Оның 1 706-сы мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқуға жіберілді. 342 адам бизнес жобаларын ашуға 1 млрд. 858 млн. теңге көлемінде несие алған. Қайтарымсыз мемлекеттік гранттар 664 адамға берілді, – деді ол.
Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, «Жұмыспен қамту» жол картасының жүзеге асырылуы барысында облыста 7 168 жұмыс орны ашылды. Ол бағдарлама аясында 64 жобаны жүзеге асыруға 33,7 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде олардың 12-сі аяқталды.