«Ең үздік авторлық қойылым» номинациясын жылыойлық балетмейстер иеленді
Жылыойлық балетмейстер «Ең үздік авторлық қойылым» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлады.
Еліміздің шығысында тұңғыш рет хореографиядан I Республикалық онлайн байқау ұйымдастырылып, оған еліміздің 15 ірі қаласынан 46 кәсіби би ұжымы қатысқан.
Байқауға қатынасқан Жылыой ауданының «Жем аруы» халықтық би ансамблі балетмейстері – Шегенбаева Мағрипа Қопалқызы «Ең үздік авторлық қойылым» номинациясын жеңіп алды. Халықтық би ансамблінің жетекшісіне диплом және 200 мың теңге көлемінде сертификат табысталды.
Хореографиядан I Республикалық онлайн байқау Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығы, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен.