Індет басталғалы облыста 340 903 ПТР тест алынған
ӨКҚ алаңында «Денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылдың 9 айында атқарған жұмысы» атты онлайн брифинг өтті. Баспасөз маслихатында басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев медициналық ұйымдардағы жағдай мен короновирустың болжамды екінші толқынына дайындық туралы айтты.
– Облыста бүгінгі күні 9 зетрхана жұмыс жасайды. Оның 3-еуі – мемлекеттік, алтауы – жекеменшік. Олар тәулігіне 3 936 ПЦР тесттерін жасай алады. Індет басталғалы облыста 340 903 ПТР тест алынған. Тағы бір зертхана ашу жоспарлануда.
Медициналық ұйымға қажетті дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар. Емханаларда коронавирусқа қарсы дәрілердің 5 атауы бойынша 194 460 дана, стационарларда 26 атауы бойынша 897 581 дана дәрі-дәрмек және қорғаныш заттарының 2 – 3 айлық қоры бар, – деді ол.
Оның мәліметінше, аймақтың медициналық ұйымдары 256 ИВЛ аппараты, 27 рентген, 11 компьютерлік томография, 977 окси генератор, 1 341 пульсоксиметр, 3 МРТ және 81 УЗИ аппаратымен қамтылған. 69 жедел жәрдем көлігі бар. Жақын күндері тағы 18 көлік күтілуде.