Пандемия басталғалы 11 794 бала дүниеге келді
Аймақта пандемия басталғалы бері 12 мыңға жуық нәресте өмірге келген. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 538-ге жоғары.
⠀
2020 жылдың 1 наурызынан бастап, облыста 11 794 босану дерегі тіркелген. Бұл тәулік бойынша орташа есеппен 25 ана босанды деген сөз.
⠀
Коронавирус пандемиясы кезінде облыстық перинаталдық орталық жанынан 30 кереуеттік, Атырау қалалық перзентхана жанынан 8 кереуеттік провизорлық стационар жасақталған еді. КВИ анықталған әйелдер аталған стационарларда босанды. Алайда олардың балаларының ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталған жоқ.