17,5 миллион халық интернетпен қамтылған
Пандемияға қарамастан Қазақстан елді мекендерін интернетпен қамту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айттты.
– Халықты толғандыратын ең басты мәселе – сапалы интернетке қолжетімділікті ұлғайту болып отыр. Еліміздегі 18,7 млн. халқымыз 6500-ге жуық елді мекенде тұрады. Солардың ішінен 4 751 елді мекенде түрлі технологиялар бойынша жалпы интернет бар деуге болады. Осылайша еліміздегі 17,5 млн. халық интернетпен қамтылған, – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.